Skip to content

Балабақшамызда қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында ерекше игі шара –…

Балабақшамызда қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында ерекше игі шара – Қайырымдылық күні ұйымдастырылды. Бұл күні кіші топ «Балапан» тәрбиеленушілері ата-аналарымен бірге игі іске атсалысып, балалар үйіне көмек көрсету үшін арнайы қайырымдылық жинағын өткізді.
Балалар ата-аналарымен бірге ойыншықтар, киім-кешек және қажетті заттар жинап, қамқорлық пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Осындай іс-шаралар арқылы бүлдіршіндер кішкентайынан жақсылық жасауға, бір-біріне көмектесуге үйренеді.
Сонымен қатар «Солнышко» тобының ата-аналары да бұл игі бастаманы қолдап, балалар үйіне көмек ретінде 25 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат жинап берді. Бұл – үлкен жүректің, бірліктің және мейірімділіктің көрінісі.
Осындай игі істер балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, қоғамға жанашыр азамат болып өсуіне ықпал етеді. Барлық ата-аналар мен қатысушыларға көрсеткен қолдауы мен жанашырлығы үшін шын жүректен алғыс білдіреміз.
Жақсылық жасау – әр жүректің қолынан келеді!
📌📌📌📌📌📌📌📌📌📌📌📌📌📌📌📌📌
В детском саду с целью воспитания у детей доброты и милосердия был организован особый благотворительный праздник — День благотворительности. В этот день воспитанники младшей группы «Балапан» вместе со своими родителями приняли участие в добром деле и организовали сбор помощи для детского дома.
Дети вместе с родителями собрали игрушки, одежду и другие необходимые вещи, проявив заботу и внимание к тем, кто нуждается в поддержке. Такие мероприятия помогают с раннего возраста воспитывать у детей стремление делать добрые поступки и помогать другим.
Также родители группы «Солнышко» поддержали эту благотворительную инициативу и собрали денежную сумму в размере 25 000 тенге для помощи детскому дому. Это яркий пример единства, отзывчивости и доброты.
Подобные добрые дела формируют у детей нравственные ценности и помогают им расти заботливыми и неравнодушными людьми. Выражаем искреннюю благодарность всем родителям и участникам за поддержку и участие в благотворительной акции.
Делать добро может каждый!

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *