Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу – бала тұлғасының жан-жақты дамуына негіз болады. Осы мақсатта “Ботақан” мектепалды тобында “Шаңырақ күні” атты тәрбиелік-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл мереке балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен отбасы құндылықтарын таныстыруға бағытталды.
Іс-шараның басты мақсаты – балалардың бойына ұлттық рухты сіңіру, отбасыға деген сүйіспеншілікті арттыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу. Мереке барысында топ бөлмесі ұлттық нақышта безендірілді. Шаңырақ бейнесі, киіз үй жабдықтары, ұлттық ою-өрнектер балалардың қызығушылығын арттырды. Тәрбиеші балаларға шаңырақтың мағынасы мен оның отбасы бірлігінің символы екенін түсіндірді.
Іс-шара соңында балаларға шағын сыйлықтар беріліп, мереке көтеріңкі көңіл-күймен аяқталды. “Шаңырақ күні” балалардың жүрегінде жылулық пен бірлік сезімін қалыптастырып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырды.
