Skip to content

Ортаңғы «Солнышко» тобында балалардың үйдегі қауіпсіз мінез-құлық негіздерін қалыптастыруға бағытталған…

Ортаңғы «Солнышко» тобында балалардың үйдегі қауіпсіз мінез-құлық негіздерін қалыптастыруға бағытталған «Қауіпсіз терезе» атты ертегіні сахналау бойынша танымдық әрі қызықты іс-шара өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – тәрбиеленушілерді терезе маңындағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру және қауіпті жағдайлардың алдын алу болды. Театрландырылған әрекет арқылы балалар маңызды ақпаратты жеңіл меңгеріп, ұқыпты әрі сақ болуды үйренеді.
Сахналау барысында балалар ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін үлкен қызығушылықпен сомдады. Кішкентай әртістер қызығушылық пен абайсыздықтың қауіпке әкелуі мүмкін екенін әсерлі әрі мәнерлі түрде көрсетті. Ертегі кейіпкерлері көрермендерге үлкендердің қарауынсыз ашық терезеге жақындауға, терезе алдына шығуға және терезе жанында ойнауға болмайтынын түсіндірді.
«Қауіпсіз терезе» ертегісін сахналау «Солнышко» тобының тәрбиеленушілері үшін қызықты шығармашылық шара ғана емес, сонымен қатар маңызды қауіпсіздік сабағы болды.
📌📌📌📌📌📌📌📌📌📌📌📌📌📌📌📌📌
В средней группе «Солнышко» прошло познавательное и увлекательное мероприятие — инсценировка сказки «Безопасное окно», направленная на формирование у детей основ безопасного поведения дома.
Главной целью мероприятия стало знакомство воспитанников с правилами безопасности возле окон и предупреждение возможных опасных ситуаций. Через театрализованную деятельность дети легче усваивают важную информацию, учатся быть внимательными и осторожными.
Во время инсценировки ребята с большим интересом перевоплотились в героев сказки. Маленькие артисты эмоционально и выразительно показали историю о том, как любопытство и невнимательность могут привести к опасности. Герои сказки объяснили зрителям, почему нельзя подходить к открытому окну без взрослых, залезать на подоконник и играть рядом с окнами.
Инсценировка сказки «Безопасное окно» стала не только интересным творческим событием, но и важным уроком безопасности для всех воспитанников группы «Солнышко».

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *